Golden Boy басшысы Канело мен Головкиннің үшінші жекпе-жегін көргісі келеді

«Бұл – GGG. Олар жақсы әрі жақын екі жекпе-жек өткізді, стильдерінің арқасында фанаттарға ұнады. Онда көптеген әрекет пен бақталастық болды, бір-біріне жақсы соққылары тигізді. Жарқын жекпе-жек шықты. Себебі екеуі бір-біріне ыңғайлы», – деді Гомес.Алайда Альварестің өзі Головкинмен трилогия өткізуге ниетті емес. Айтуынша, қазақстандық боксшы енді оған сынақ бола алмайды.
Боксшылар Лас-Вегаста екі рет жұдырықтасқан, 2017 жылы қыркүйекте тең есеп тіркелсе, бір жылдан кейін Канело төрешілер шешімімен жеңген.
DAZN стриминг сервисі де Альварес пен Головкин арасындағы үшінші жекпе-жекті өткізуді қалайды. Боксшылар 2019 жылы қыркүйекте жұдырықтасады деген жоспар болған, бірақ мексикалық одан бас тартқан еді.