Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақ күресінен жарыстар қашан өтеді?

Қазақ күресінен жарыстар қашан өтеді?

Қазақ күресі федерациясы 2020 жылы өтетін жарыстардың кестесін жариялады, деп хабарлайды  sputniknews.kz.
Іс-шаралар тізімі:
  • 18 сәуір – «Бала балуан» республикалық турнирі. Нұр-Сұлтан қаласы, «Жекпе-жек» сарайы;
  • 30-31 мамыр – «Халық барысы» республикалық турнирі. Оған 18-50 жас аралығындағы спортқа жарамды кез келген Қазақстан азаматы қатыса алады. Алматы қаласы, «Сұңқар» халықаралық трамплиндер кешені;
  • 4 шілде – «Қазақстан барысы» республикалық турнирі. Нұр-Сұлтан қаласы, «Жекпе-жек» сарайы;
  • 9-13 қараша – ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты. Атырау қаласы;
  • 2 желтоқсан – «Еуразия барысы» әлем кубогы. Алматы қаласы, «Алматы Арена» мұз сарайы.

Қазақ күресінің атауы өзгереді

Қазақ күресі федерациясының президенті Дәурен Абаевтың айтуынша, бүгінде ғалымдарға қазақ күресіне қатысты терминдерді зерделеуге тапсырма берілді. Негізгі мақсат – бейтарап атау арқылы ұлттық күресті әлемдік деңгейге көтеру.  
«Сонымен қатар, төрешілер мен жаттықтырушыларға арналған ғылыми-әдістемелік нұсқаулықтар жарық көреді. Қазақ күресінің ережесі жинақталған видеонұсқаулық түсіріліп жатыр. Ол жерде әрбір әдіс бүге-шүгесіне дейін видеомен көрсетіледі», – деді Абаев астанада өткен баспасөз мәслихатында.
Оның сөзіне қарағанда, жыл соңына дейін қазақ күресінің даму картасы жасалады.
10 ақпан 2020 ж. 1 281 0