Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Барлық теннис жарысы жазға дейін тоқтатылды

Барлық теннис жарысы жазға дейін тоқтатылды

Коронавирусқа байланысты барлық теннис жарыстары жазға дейін тоқтатылды.

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (АТР) мен Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) кез келген турнирдің 7 маусымға дейін өтпейтіні туралы бірлескен мәлімдеме жасады.
Осылайша Рим (Италия), Мадрид (Испания), Рабат (Марокко), Мюнхен (Германия), Эшторил (Португалия), Женева (Швейцария) және Лион (Франция) додалары биыл өтпейтін болды. Соған байланысты теннисшілердің рейтингтері де осы кезеңде жаңартылмайды. 
https://baq.kz/
20 наурыз 2020 ж. 854 0