Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық спортшылар 3 медаль алды

Қызылордалық спортшылар 3 медаль алды

Kyzylorda-news.kz. Онлайн жүйеде киокушинкай-кан каратэден  Ұлттық Республикалық Киокушинкай-кан каратэ Федерациясының кубогы өтті.
Жарыстың  мақсаты  – Елімізде орын алып жатқан  індетті тежеп,  карантин кезінде спортшылардың уақытын тиімді өткізіп, спортқа деген ынтасын арттыру.
Ката бағдарламасы бойынша өткен жарысқа Қазақстанның барлық өңірінен 90- ға жуық спортшы қатысты.
Нəтижесінде жерлестеріміз  16-17 жас аралығында Мейрамбек Мәди бірінші орынды жеңіп алса, Мейрамбек Али күміс, 18 жастан жоғары ерлер арасында Саки Жеңісбек  қола жүлделерді иеленді.
Спортшылардың жаттықтырушысы: Бауыржан Мұханов.
Жеңімпаз жəне жүлдегер спортшылар  #2ОРМБЖМ -де тəлім алады.
13 сәуір 2020 ж. 1 028 0