РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Сонымен қатар, туыстары және достары Жандарбек Жақсылықұлын бір сәт еске алып, турнирді ұйымдастыруға атсалысқан жандарға ризашылықтарын білдірді.
Сайыс барысында аталмыш спорт түрі бойынша тыныс алу және тамешивари (кірпіш, ағаш секілді қатты заттарды сындыру) жаттығулары көрсетілді.
Әртүрлі салмақ дәрежесі бойынша ер және қыз балалар арасында өткен спорт додасында 10 команда құрамындағы 100-ге жуық жас спортшылар шеберліктерін ортаға салды. Турнир каратэнің 4 бағдарламасы бойынша өткізілді.
Марапаттау рәсімінде ҚР Мейбукан годзю-рю каратэ-до федерациясының президенті Н.Керімбаев турнирдің жоғары деңгейде өткізілуіне үлес қосқан азаматтарға алғыс хаттар табыстады.
Жеңімпаз және жүлдегер атанған жас спортшылар салтанатты түрде арнайы дипломмен, медальмен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.