«Канело» Головкинмен трилогия жөнінде күтпеген мәлімдеме жасады

«Гвадалахаралық боксшыға «Трилогия жасау үшін Қыркүйекте Геннадий Головкинмен кездесесіз бе?», деген сауал қойылды. Канело жауап ретінде өзінің қарсыластарына қатысы нақты ештеңе айта алмайтынын жеткізді. «Мен шілдеде қандай да бір байлам жасауға болады деп ойламын», деді.
Айта кетейік, Головкинмен «Канелоның» алғашы жекпе-жегі 2017 жылы өтіп, ол кезде екі боксшы да теңдей түсті деген шешім шығарылды. Алайда, бұл шешім үлкен дау тудырды. Екінші кездесуде судьялар басым дауыспен жеңісті Альвареске берді. Ал жуырда Головкиннің бапкері Джонатан Бэнкс қазақстандықтың Канеломен 2020 жылдың қыркүйегінде өтуі тиіс трилогиядан бас тартатынын хабарлады.