UFC басшысы Тони Фергюсонға үзіліс алуға кеңес берді

Еске салайық, АҚШ-та өткен UFC 249 турниріндегі Фергюсон - Гэтжи жекпе-жегі бесінші раундта аяқталған. Жекпе-жек кезінде Гэтжи 143 соққы жасады, оның 100-і қарсыласының басына тиген. Жекпе-жектен кейін Фергюсон ауруханаға түскен - бұл оның соңғы сегіз жылдағы алғашқы жеңілісі болып, 12 жеңіске созылған сериясына нүкте қойылған еді.
"Джастин Гэтжимен жекпе-жектен кейін Фергюсонның үзіліс алғанын қалаймын", - деді Уайт.
Бұған дейін Уайт Гэтжи мен жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов арасындағы жекпе-жек қыркүйекте өтетінін мәлімдеген болатын.