UFC президенті Хабиб – Гэтжи жекпе-жегі қашан өтетінін айтты

Оның айтуынша, бұл кездесу биыл жазда өтуі мүмкін.
Хабиб жазда жекпе-жекке дайын болатынын айтты. Келесі аптада осы жекпе-жекті қашан ұйымдастыруға болатынын талқылаймыз, - деді Уайт UFC 249 турнирінен кейінгі баспасөз мәслихатында
Айта кетейік, Джексонвиллде (Флорида, АҚШ) өткен UFC 249 турнирінің басты жекпе-жегінде америкалық файтер Джастин Гэтжи өз отандасы Тони Фергюсонды техникалық нокаутпен жеңіп, уақытша чемпион атағына қол жеткізген болатын.