Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан чемпионы бірінші лигадағы команданы таратуға мәжбүр

Қазақстан чемпионы бірінші лигадағы команданы таратуға мәжбүр

Қаржылай қиындықтарға байланысты "Астана-Жас" және "Астана М" бір командаға біріктіріледі, - деп хабарлайды KazFootball.kz.
Біріккен жаңа команда бірінші лигада өнер көрсететін болады. Бапкерлер штабы мен ойыншылар іріктеледі. Бұл бюджеттің қысқаруына байланысты болып отыр.
Мұның алдында "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры "Астана" футбол клубын қаржыландыруды қысқарту мүмкіндіктерін қарастырып отырғаны хабарланған.
Қазақстан чемпионы "Астана" демеушіден айырылғанға ұқсайды
Дегенмен "Астана" Қазақстан чемпионаты мен еурокубоктарда жақсы нәтиже көрсетуді мақсат етіп отыр, сондықтан, легионерлермен қоса алғандағы команда құрамы өзгермейді.

04 маусым 2020 ж. 407 0