Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Еуропа лигасының тарихындағы үздік клубтар

Еуропа лигасының тарихындағы үздік клубтар

Кәріқұрлықтың бас футбол органы УЕФА Еуропа лигасының тарихындағы үздік командалардың рейтингін жасады деп хабарлайды massaget.kz.
УЕФА Кубогы 1971 жылдан бері өтіп келеді. 2009/10 жылғы маусымнан бері УЕФА Кубогының атауы Еуропа лигасы болып ауысты.
Тізімге 983 клуб енген. Оның ішінде 12-сі қазақстандық клуб. Еуропа лигасында 187 матч өткізіп, оның 93-нде жеңіске жеткен миланның "Интері" үздік клуб атанды. Екінші орынға "Спортинг" жайғасса, үштікті "Брюгге" түйіндеді.
  УЕФА Еуропа лигасының тарихындағы үздік 11 клуб:
1. "Интер" (Италия)
  2. "Спортинг" (Португалия)
  3.  "Брюгге" (Бельгия)
  4.  ПСВ (Нидерланд)
  5.  "Андерлехт" (Бельгия)
  6.  "Партизан" (Сербия)
  7.  "Аякс" (Нидерланд)
  8-11.  "Бордо" (Франция)
  8-11.  ФКСБ (Румыния)
8-11.  ПАОК (Грекия)
  8-11.  "Рапид" Вена (Аустрия)
  Қазақстандық командалардың ішінде ең жоғары көрсеткішке "Астана" ие болды. Елордалық ұжым Еуропа лигасына 6 мәрте қатысып, 46 матч өткізіп, 43 ұпай жинаған.
  Еуропа лигасының тарихындағы үздік командалар рейтингіндегі қазақстандық клубтардың орны:
181. "Астана" 194."Қайрат"
274."Ақтөбе"
347."Шахтер"
360."Ертіс"
428."Ордабасы"
432."Тобыл"
750."Оқжетпес"
829."Алма-Ата"
834."Жетісу"
871."Атырау"
915."Астана-1964"

05 маусым 2020 ж. 700 0