Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 23 маусым – Халықаралық олимпиада күні. Қызылордалықтардың үлесі қандай?

23 маусым – Халықаралық олимпиада күні. Қызылордалықтардың үлесі қандай?

Ертең – халықаралық олимпиада күні. Елімізде айтулы мереке осымен 27-ші рет өткізіледі.
Сыр елін халықаралық аренада еліміздің Əнұранын шырқатып, көк туын көкте желбіретіп жүрген спортшылары көп.
2008 жылы Пекин Олимпиадасына гандболдан 10 спортшы Қазақстан құрамасында өнер көрсетті. Атап айтар болсақ, Гүлзира Искакова, Екатерина Тяпкова, Ольга Травникова, Наталья Кубрина, Юлия Моркович, Ольга Аджидерская, Елена Илюхина, Ксения Никандрова, Татьяна Парфенова, Ольга Егунова.
  • 2008 жылы Пекин жəне 2012 жылы Лондон Олимпиадаларында ауыр атлетикадан Илья Ильин 2 дүркін чемпион атанды.
  • 2012 жылы Лондон Олимпиадасында бокстан Марина Вольнова қола жүлдені иеленсе, еркін күрес балуаны Дəулет Ниязбеков, ауыр атлеттер Алмас Өтешов пен Александр Зайчиков, жеңіл атлет Виктор Лептиковтер қатысып, тəжірибе алмасты.
  • Лондон Паралимпиадасына облыстан 3 спортшы бақ сынады. Олар: пауэрлифтингшілер Кабира Асқарова мен Айбек Əбжан, жеңіл атлет Ислам Салимов.
  • 2016 жылы Рио Олимпиадасына облыстан 3 спортшы қатысып, ауыр атлетикадан Александр Зайчиков қола жүлдені еншіледі. Еркін күрес балуаны Ғалымжан Өсербаев пен таеквондошы Айнұр Есбергенова шеберліктерін шыңдады.
  • Жасөспірімдер Олимпиада ойындарында 4 спортшы қатысып, 2 алтын, 2 қола медаль иеленді. 2010 жылы (Қытай) ауыр атлетикадан Рүстем Сыбай мен 2016 жылы (Норвегия) мəнерлеп сырғанаудан Элизабет Тұрсынбаева қола жүлделерге ие болса, 2014 жылы (Қытай) дзюдодан Бауыржан Жауынтаев пен 2018 жылы (Индонезия) байдарка жəне каноэде есудан Диас Бахраддин чемпион атанды.
  • kyzylorda-news.kz
22 маусым 2020 ж. 1 014 0