Qazsport футболдан Қазақстан чемпионатын көрсетеді

Ел чемпионаты қайта жанданған сәттен бастап барлық матчты Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ, ұлттық телеарна Қазақстан чемпионатына арналған апталық жоба дайындайды. Ал бұған дейін ел біріншілігінен тікелей трансляция жасаған ҚКФЛ-ТВ жобасы жұмысын тоқтатады.
Қазақстан Премьер-лига үш айға созылған үзілістен соң 1 шілде күні қайта оралады. 3 тур аясында "Қайрат" - "Жетісу", "Тобыл" - "Каспий", "Қайсар" - "Тараз", "Қызыл-Жар" - "Оқжетпес" және "Ордабасы" - "Шахтер" матчтары өтеді. Ал ел чемпионы "Астана" "Ертіс" чемпионатқа қатысудан бас тартқан соң бұл турда ойын өткізбейді.