Инсайдер Головкин мен "Канело" арасындағы үшінші кездесу қашан өтетінін мәлімдеді

Оның мәліметі бойынша, "Канело" бұл кездесу үшін 45 миллион доллар, ал Головкин 30 миллион доллар гонорар алады екен. Бұл екі боксшы арасындағы екінші кездесудің билеттерінен 27 миллион табыс түскен болатын. Сондықтан ұйымдастырушылар бұл жекпе-жекті жанкүйерсіз өткізгісі келмей жатыр.
Үшінші кездесу мексикалық боксшы қыркүйек айына жоспарлап отырған кездесуін жеңсе ғана өтеді. "Канелоның" алдағы кездесудегі қарсыласы британдық Каллум Смит болып қалуы мүмкін.
Еске салайық, Головкин мен Альварес бұған дейін екі рет кездесті. 2017 жылы Лас-Вегас қаласында өткен кездесуде екі боксшы тең түссе, арада бір жыл өткеннен соң болған кездесуде мексикалық жеңіске жетті.