Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Хабиб Нурмагомедовтің UFC-дегі келесі қарсыласы анықталды

Хабиб Нурмагомедовтің UFC-дегі келесі қарсыласы анықталды

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің UFC ұйымындағы келесі қарсыласы америкалық Дастин Гэтжи болады,- деп хабарлайды kaz.vesti.kz тілшісі. 
Ұйым бұл кездесуді ресми хабарлады. Жекпе-жек 24 қазанға жоспарланған. Бірақ айқастың қайда өтетіні әлі белгісіз. 
Хабиб үшін бұл әкесі Абдулманап Нурмагомедовтің қайтыс болғаннан кейінгі бірінші кездесуі болмақ. Еске салайық, чемпионның әкесі 3 шілде күні 57 жасында бақилық болған еді. 
31 жастағы Нурмагомедов үшінші рет чемпиондық атағын қорғайды. Ол белбеуді 2018 жылы америкалық Элл Яквинтаны жеңіп, чемпион атанды. Кейін алты ай өткен соң Конор МакГрегорды жеңіп, белбеуін қорғаған еді. Содан соң өткен жылдың қыркүйек айында Дастин Порьені жеңді. 
Ал Гэтжи болса, 9 мамыр күні отандасы Тони Фергюссонді жеңіп, уақытша чемпион атанғантұғын. Америкалық спортшы карьерасында бірінші рет чемпиондық белбеуге таласайын деп жатыр.

29 шілде 2020 ж. 513 0