Чемпиондар лигасы: «Лейпциг» vs «ПСЖ»
Ал Еуропада аладоп аламаны қыза түсті. Әсіресе чемпиондар лигасының ширек финалында көпшілік күтпеген жағдай болды. Германиялық «Лейпциг» испаниялық «Атлетиконы» ұтып кетті.
Лиссабон қаласында өткен матч 2:1 есебмен аяқталды және барлық гол екінші таймда соғылды. 51-минутта мадридтіктер сапындағы Дани Ольмо мергендігімен көзге түсссе, артынша «Атлетико» таразы басын теңестірді. Голдың авторы Жоау Феликс. Бірақ 88-минутта Тайлер Адамс соққан доп ойын тағдырын шешті. Осылайша «Лейпциг» жартырлай финиалда «ПСЖ»-мен жолығатын болды. Бұл кездесу 19 тамызда өтеді. Ал финалдық матч 24 тамызға жоспарланған.
Қазақстандық Юлия Путинцева екінші айналымнан әрі аса алмады. Дәл қазір Америка төрінде әйелдер арасындағы теннистен халықаралық жарыс өтіп жатыр. Қатысушылар арасында жерлесіміз де бар. Ұзақ үзілістен кейін спортқа оралған Юлия алғашқы айналымда австралиялық спортшыдан басым түсті. Ал келесі кезеңде швейцариялық Джил Тайхманмен жолыққан. Кейінгісі әлемдік рейтінгтің 63-сатысында тұр. Ал қазақстандық теннисші 33-орында. Соған қарамастан қарсыласына есе жіберді. Бір жарым сағатқа созылған кездесу 2:6, 2:6 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, қос теннисші бір-біріне қарсы алғаш рет ойнап тұр. Осы категория бойынша: « Велоспорттан биылғы әлем чемпионаты Швейцарияда өтпейтін болды
24.kz