Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан Еуро-2020 іріктеуіндегі Шотланияға қарсы матчте жеңісті сақтап қала алмады

Қазақстан Еуро-2020 іріктеуіндегі Шотланияға қарсы матчте жеңісті сақтап қала алмады

Футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2020 іріктеу кезеңінің соңғы матчында Шотландиядан жеңілді, - деп хабарлайды  kaz.vesti.kz
І тобының 10-турындағы матч Глазгодағы "Хэмпден Парк" стадионында өтіп, алаң иелерінің пайдасына 3:1 есебімен аяқталды.
Матч есебін қазақстандықтар ашқан. 34-минутта Бахтиер Зайнутдиновтің алыстан бағыттаған соққысы нәтиже әкелді - ресейлік "Ростовтың" хавбегі қатарынан екінші ойында гол соқты.
Бірақ екінші таймда қонақтар жеңісті ұстап қала алмады. 48-минутта англиялық "Астон Вилланың" жартылай қорғаушысы Джон Магкинн айып соққысынан көзге түсті.
Ал 64-минутта шотландиялық команданың капитаны, англиялық "Норвичтің" ойыншысы Стивен Нейсмит қанжығасын майлады. Матч нүктесін 91-минутта Макгинн қойды.
Естеріңізге салсақ, І тобының бірінші турында Қазақстан Шотландияны 3:0 есебімен тас-талқан еткен еді. Іріктеу кезеңінде Михал Билек шәкірттері Сан-Мариноны (4:0, 3:1) екі рет жеңіп, Кипрмен тең түсті және бір мәрте жеңілді (1:1, 1:2). Ал топтың көшбасшылары Ресей (0:4, 0:1) мен Бельгияға (0:3, 0:2) екі реттен жол берген.


20 қараша 2019 ж. 909 0