Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Астана" Еуропа лигасында андорралық клубты жеңе алмады

"Астана" Еуропа лигасында андорралық клубты жеңе алмады

"Астана" футболшылары Еуропа лигасының бірінші матчында андорралық "Санта-Коломамен" тең түсті  Екінші іріктеу кезеңінің матчы Андорра-ла-Вельядағы "Комуналь" стадионында өткен. Ойын 0:0 есебімен аяқталды.  Бірінші таймда "Астана" фаворит болғанына қарамастан алаң иелерінің қақпасына қауіп төндіре алмады. Үзілістен кейін елордалықтар есеп ашуға тырысқанымен, "Санта-Колома" 0:0 есебін сақтап қалды.  Енді қарымта матч 1 тамызда Нұр-Сұлтанда өтеді - "Астана Аренадағы" ойын 20:00-де басталады.  Бұл жұптың жеңімпазы Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі "Валлетта" (Мальта) - "Ференцварош" (Венгрия) матчында жеңіліп қалған командамен кездеседі.
24 шілде 2019 ж. 810 0