Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Астаналық" футболшылар румыниялықтардан жеңіліп, Чемпиондар лигасынан шығып қалды

"Астаналық" футболшылар румыниялықтардан жеңіліп, Чемпиондар лигасынан шығып қалды

«Астана» футбол клубының футболшылары Чемпиондар лигасының алғашқы квалификациялық раундының жауап ойынында румыниялық «Клуждан» жеңіліп қалды. Осылайша, Еуропаның басты клубтық жарысынан шығып қалды.

Румынияның Клуж-Напока қаласында өткен ойын 3:1 есебімен румыниялықтардың пайдасына аяқталды. 
Қазақстан чемпионы ойынның 4-минутында гол салып үлгерді. Алайда ойынның 10-минутында Билель Омрани астаналықтардың қақпасына гол соғып, алаң иелері есеп теңестірді. Арада 16 минут өткеннен кейін румыниялықтар екінші голды салып, екінші кезеңде, дәлірек айтсақ 73-минутта Омрани тағы бір гол салды.
Осылайша, «Клуж» 3:1 есебімен жеңіске жетіп, жарыстың келесі раундына өтті. Онда румыниялықтар израильдік «Маккаби» клубымен кездесетін болады. 
«Астана» Еуропа лигасы квлификациясының екінші айналымында ойынды жалғастырып, андорралық «Санта-Коломамен» ойын көрсетеді.
18 шілде 2019 ж. 629 0