Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін футболдан Қазақстан чемпионаты қайта жалғасады

Бүгін футболдан Қазақстан чемпионаты қайта жалғасады

Бүгін футболдан Қазақстан премьер-лигасы қайта жалғасады.
Бұған дейін ел біріншілігі карантинге байланысты екі рет тоқтаған. Енді осы жолы бір локацияда Алматы және Талғар қалаларында өткізілмек. 
OLIMPBET-футболдан Қазақстан чемпионаты 2020 жылдың 18 тамызынан бастап қайта жалғасады. Мемлекеттік органдардың талабымен ойындардың барлығы арнайы медициналық хаттаманың ережелеріне сәйкес қатаң бақылауда өтеді.

Аталған құжат жарыстарды қабылдайтын спорт ғимараттарында санитариялық-эпидемиологиялық режимді қатаң сақтау үшін жүргізілетін жол картасы болмақ. Қазіргі уақытта ойындардың барлығы "Алматы/Талғар" локациясында жанкүйерлерсіз өтеді.

Стадиондарда жұмыс істейтін қызметкерлердің саны да шектеулі болмақ. Ел чемпионатына қатысатын әр клуб өзгелермен жақын қарым-қатынас орнатпай, карантин режимінде қонақүйде орналасуға жауапты болмақ.
Ойыншылар мен бапкерлер, сонымен қатар, жарысты ұйымдастыруға қатысатын басқа да адамдар коронавирус індетін анықтайтын сынақты үнемі тапсырып отырады. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері қадағалайды,- делінген ҚФФ баспасөз қызметі.
Ойындардың басталу уақыты
 
18.08.2020 "Каспий" (Ақтау) – "Қайрат" (Алматы) 17:00
Төрешілер: Денис Тевяшов (Орал), Денис Лабашов (Атырау), Юрий Тихонюк (Ақтөбе)
Резерв төреші: Бағдат Абдоллаев (Қаратау)
Инспектор: Сергей Цареградский (Алматы)
 
18.08.2020 "Жетісу" (Талдықорған) – "Ордабасы" (Шымкент) 19:00
Төрешілер: Артём Кучин (Қарағанды), Серік Жаппасбаев, Ғалымжан Айжігітов (екеуі де - Қызылорда)
Резерв төреші: Данияр Сахи (Қызылорда)
Инспектор: Нұржан Доскеев (Алматы)
 
18.08.2020 "Тараз" (Тараз) – "Қызыл-Жар" (Петропавл) 21:00
Төрешілер: Рүстем Омаров, Сергей Васютин, Самат Тергеусізов (барлығы - Алматы)
Резерв төреші: Тимур Кумашев (Нұр-Сұлтан)
Инспектор: Александр Перемитин (Алматы)
 
19.08.2020 "Шахтёр" (Қарағанды) – "Қайсар" (Қызылорда) 18:00
Төрешілер: Денис Измайлов (Талдықорған), Евгений Бельский (Тараз), Иван Навроцкий (Нұр-Сұлтан)
Резерв төреші: Айдын Рахымбаев (Алматы)
Инспектор: Виталий Каган (Алматы)
 
IV турдағы "Тобыл" (Қостанай) -"Астана" (Нұр-Сұлтан) матчы елордалық клубтың УЕФА Чемпиондар лигасына қатысуына байланысты 25.08.2020 ауыстырылған.
Ойындардың барлығы, сонымен қатар, 18 тамыздан 19 тамызға қараған түні УЕФА Чемпиондар лигасындағы "Динамо" (Брест, Беларусь) – "Астана" (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) матчы "Qazsport" телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.
baq.kz
18 тамыз 2020 ж. 464 0