Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін футболдан Испания чемпионаты қайта жалғасады

Бүгін футболдан Испания чемпионаты қайта жалғасады

Бүгін футболдан Испания чемпионаты қайта жалғасады. Коронавирус инфекциясына байланысты кейінге шегерілген 28-турдың алғашқы ойынында «Севилья» мен «Бетис» командалары кездеседі, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.
Аталған тур 12-15 маусымда төрт күнге созылады. Бұл турда 12 маусымда «Гранада» мен «Хетафе», 13 маусымда «Валенсия» мен «Леванте», «Эспаньол» мен «Алавес», «Сельта» мен «Вильярреал», «Леганес» пен «Вальядолид», 14 маусымда «Мальорка» мен «Барселона», «Атлетик» пен «Атлетико», «Реал Мадрид» пен «Эйбар», 15 маусымда «Реал Сосьедад» пен «Осасуна» командалары кездеседі.
Қазір турнир кестесінде 27 ойыннан кейін 58 ұпаймен «Барселона» командасы көш бастап келеді. Одан кейінгі орындағы «Реал Мадрид» командасының 56, «Севильяның» 47 ұпайы бар.
Сондай-ақ, футболдан Италия чемпионаты 20 маусымда қайта жалғасады. Ал футболдан Англия Премьер-лигасы 17 маусымда басталады. Германия біріншілігі мамыр айының ортасынан бастап өткізілуде.
11 маусым 2020 ж. 1 193 0