Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Футбол: Еуропа Лигасының финалын қайдан көруге болады

Футбол: Еуропа Лигасының финалын қайдан көруге болады

Еуропа Лигасының финалын «QAZSPORT» телеарнасы көрсетеді, деп хабарлайды inform.kz телеарнаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Севилья» және «Интер» командалары UEFA Еуропа лигасының ақтық бәсекесінде күш сынасады. Миландық клуб турнирдің финалында төрт мәрте (1991, 1994, 1998 жылдары) өнер көрсетіп, үшеуінде жеңіске жеткен.
Соңғы жылдары аталмыш турнирде «Севилья» үстемдік етті. Испандық клуб бұл шыңды бес мәрте (2006, 2007, 2014, 2015, 2016 жылдары) бағындырды.
«QAZSPORT» телеарнасындағы финалдық ойынның тікелей трансляциясы: 22 тамыз «Севилья» (Испания) — «Интер» (Италия). Трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 00:50-де басталады.
Матч Кёльн қаласындағы «Рейн Энерги» стадионында көрерменсіз өтеді.

21 тамыз 2020 ж. 464 0