Қазақстандық боксшы үшжылдық үзілістен соң рингке оралып, қарсыласын бірден нокаутқа түсірді

Мұсәділов рингке соңғы рет 2017 жылы шыққан еді. Сол жылы қарашада Мексикада бес жекпе-жек өткізіп, бәрін жеңіспен аяқтаған. Боксшы рингке үшжылдық үзілістен соң оралды.
Америкалық Калифорния штатындағы Венисте өткен бокс кешінде Мұсәділов жергілікті Квинтелл Томпсонмен жұдырықтасқан. Бірінші ауыр салмақтағы жекпе-жектің бірінші раундында қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді.