Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қайрат» ҚПЛ аясында тағы да жеңіске жетті

«Қайрат» ҚПЛ аясында тағы да жеңіске жетті

Қазақстан премьер-лигасы аясында атыраулық «Каспий» алматылық «Қайратқа» есе жіберді, деп хабарлайды 24.kz. Ал, құрамында қазақстандық Бахтиёр  Зайнутдинов ойнайтын мәскеулік ЦСКА Еуропа лигасы аясында тең ойнап, алғашқы ұпайын еншіледі. Алматылық «Қайрат» ФК ел чемпионатының 14-туры аясында Атыраулық «Каспийден» басым түсті.
Ойын басталған сәтте ақтаулықтардың місі басым сияқты көрінген. Бірінші болып Марат Шахметов қақпадан саңлау тапты. Алайда араға аз уақыт салып, украиндық форвард Адеринсолы Эсеолы таразы басын теңестіріп кетті. Ұрымтал сәттердің бірінде Лайонел Адамс өз қақпасына гол соғып алды. Ал, ойынның екінші кезеңінде «Қайраттың» Вагнера Лав тағы бір мәрте гол соқты. Осылайша, алматылықтар кесте турнирінде 35 ұпай жинап, соңынан келе жатқан «Астана» мен «Ордабасынан» 11 ұпай алда тұр. Ал, құрамында қазақстандық ойыншы бар мәскеулік ЦСКА Еуропа лигасы аясында алғашқы ұпайына қол жеткізді. Австриялық «Вольсфсбергке» қарсы ойында Адольфо Гайч небәрі ойынның 5-минутында қарсылас қақпасын нысанаға алып, мүлт кеткен жоқ. Ал, қарсылас команда болса, тек 42-миунтта 11 метрлік айып добын қақпаға дәл соқты. Гол авторы Михаэль Линдль. Осылайша, «К» тобында ЦСКА топ бастаса, «Вольсфсберг» келесі орында тұр. «Астана» БК болса, сырт алаңда Саратовтың «Автодорына» қарсы ойында оңбай ұтылды. Есеп айырмасы 22 ұпай. Жерлестер тек екінші кезеңде жақсы ойын көрсеткендей болды. Әсіресе, Адонис Томас пен Джереми Хилл нәтижелі ойын көрсетіп, 22 ұпайдан еншілеген. Алайда, жеңіске жетуге жігері жетпеген сыңайлы. Енді Астана ВТБ турнирінің бірыңғай лигасының 5-туры аясында Санкт-Петербургтің «Зенитына» қарсы кездесу өткізеді.  Ойын қарашаның 1-іне жоспарланған.


23 қазан 2020 ж. 572 0