Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елордада теннистен ерлер арасында АТР 250 Astana Open турнирі өтіп жатыр

Елордада теннистен ерлер арасында АТР 250 Astana Open турнирі өтіп жатыр

Елордада теннистен ерлер арасында АТР турнирі өтіп жатыр.
Беделді бәсекеде 32 спортшы жеңімпаз атағы мен ұпай үшін таласады. Ел намысын Михаил Кукушкин, Александр Бублик, Дмитрий Папко және Тимофей Скатов қорғайды. Көрермендер бұл жолғы матчтарды пандемияға байланысты онлайн тамашалайды. Кордқа шыққан әр қатысушы ПТР тестіден өтті. Ойын кезінде де санитарлық талаптардың сақталуы қатаң бақыланады. Айта кетейік, бүгін жалауы желбіреген жарыс 1 қарашаға дейін жалғасады.
Юрий Польский, Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті:
- Бублик пен Кукушкин жеңістен үмітті. Кукушкин ұзақ уақыт Қазақстанның бірінші ракеткасы болды. Дэвис кубогінде, Азия ойындарында, Олимпиадада сәтті өнер көрсетті. Бублик те өзін көрсеткісі келеді. Сондықтан талпынысын түсінуге болады. Қолынан келеді деген үміттеміз.
Атилла Рихтер, ATP 250 Astana Open турнирінің директоры:
- Менің ойымша, бүгінгідей қиын жағдайға қарамастан, турнирді өткізіп жатқанымыздың өзі бір жетістік. Қазақстан федерациясы кейінгі 10-12 жылда теннис спортын дамытуға зор үлес қосты. Спортшыларға қазақ жерінде өнер көрсеткен ұнайды.
26 қазан 2020 ж. 545 0