Бактиер Зайнутдинов үздік гол авторы атанды
Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бактиер Зайнутдинов мәскеулік ЦСКА клубының қазан айындағы үздік гол авторы атанды, деп хабарлайды prosports.kz. Аталмыш клубтың Twitter-дегі парақшасында мәлім етілгендей, Б.Зайнутдиновті жанкүйерлер Ресей премьер-лигасында «Урал» (Екатеринбург) командасымен өткен матчта соққан голы үшін үздік деп таныды. Қазіргі таңда ЦСКА командасы Ресей чемпионатында 32 ұпаймен көш бастап келеді. Жексенбі күні 15-турда Мәскеуде ЦСКА «Сочи» командасымен 1:1 есебімен тең ойнады. Бұған дейін жарақат алып қалған Б.Зайнутдинов осы кездесуді толық өткізіп шықты. Бұл оның мәскеулік клуб құрамындағы 11-матчы еді. Қазақстан ұлттық құрама командасының жартылай қорғаушысы Бақтияр Зайнутдинов ЦСКА-ға тамызда ауысқан болатын.