Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мейірім Нұрсұлтанов 14-ші жеңісіне жетті

Мейірім Нұрсұлтанов 14-ші жеңісіне жетті

Қазақстан спортшысы Мейірім Нұрсұлтанов (13-0, 8 КО) Екатеринбург қаласында өтіп жатқан кәсіпқой бокс кешінде жеңіске жетті.

Мейірім Нұрсұлтанов ресейлік Илья Баландинмен (4-3-1, 2 КО) рингке шықты. 
Жекпе-жек барысында бұған дейін бірде-бір рет жеңіліп көрмеген Мейірім Нұрсұлтанов өз соққыларын көбірек дарытып отырды. Әсіресе, үшінші раундта қарсыласын тықсырып, жекпе-жекті ерте аяқтайтындай көрінген. Бірақ И.Баландин толық сегіз раунд бойы шыдап бақты. Төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіс М.Нұрсұлтановқа берілді. 
Осылайша Мейірім кәсіпқой бокстағы 14-інші жеңісіне қол жеткізді. 
Айта кетейік, Мейірім бір жылдан астам уақыт бойы рингке шықпаған екен. Ол соңғы жекпе-жегін 2019 жылы 2 қарашада Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өткізген еді. Онда Қазақстан боксшысы WBC (USNBC) версиясы бойынша аймақтық АҚШ чемпионы атанған болатын.
baq.kz
06 желтоқсан 2020 ж. 518 0