Данияр Елеусіновтің жекпе-жегін қайдан көруге болады?

Данияр Елеусінов - 28 жастағы қазақстандық боксшы, кәсіби бокстағы алғашқы жекпе-жегі 2018 жылдың 28 сәуірі күні Нью-Йорк қаласында өтті. Кездесуде боксшы америкалық Ноа Киддты үшінші раундта нокаутқа жіберді. Соңғы жекпе-жегінде 36 жасар мексикалық Сильверио Ортиспен (37-23, 18 КО) кездесіп, сегіз раунд айқасты. Нәтижесінде Елеусінов төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңімпаз атанды (79-70, 79-71, 79-71). Мигель Де Хесус Замудио Алонсо - 27 жасар мексикалық боксшы, өзінің кәсіпқой бокстағы мансабын 17 жасында бастаған. Қазіргі таңда 56 кездесу өткізіп, 43 рет жеңген, 12 кездесу тең және жеңіліспен аяқталған. 27 кездесу мерзімінен бұрын тоқтатылған. Замудионың бір қарсыласы Өзбекстандық Шахрам Гиясов (8-0, 6 КО) (Елеусіновтың олмипиада ойындарындағы қарсыласы) болған. Мексикалық боксшы алты раундтық кездесудің алғашқы үш минутында техникалық нокаутпен жеңілген.