Биатлоннан Қазақстан чемпионаты өтеді
Алматы облысында биатлоннан 2020 жылғы Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлады Olympic.kz Қазақстан биатлоншылар одағына сілтеме жасап.  Ел біріншілігі 20-28 желтоқсан күндеріне белгіленген. Жылдың ең маңызды додасы Алматы облысында орналасқан «Алатау» спорт кешенінде өтеді деп жоспарланған. Айта кетерлігі, ел чемпионаты санитарлық талапқа сәйкес көрерменсіз өтеді. 
		




		
		



