Роналду әлемдегі ең көп гол соққан футболшы атанды

Қазір оның үлесіне 759 доп тиесілі. Осылайша Роналду өткен ғасырдағы үздік аяқдопшы Йозеф Бицанның ерлігін қайталады. Тарихи дерек А сериясы аясында ұйымдастырылған «Ювентус» -«Сассуоло» матчында тіркелді. Ойында Андреа Пирло шәкірттері 3:1 есебімен жеңіске жетті. Туриндіктер 33 ұпай жинап, турнир кестесінде 4-орынға шықты. Ал «Сассуоло» 29 ұпаймен 7-сатыға табан тіреді.
24.kz