Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қуат Хамитов келесі жекпе-жегін қайда өткізеді?

Қуат Хамитов келесі жекпе-жегін қайда өткізеді?

Аралас жекпе-жек файтері, қазақстандық спортшы Қуат Хамитов келесі жекпе-жегін көктемде өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Бұл туралы «Найман» өзінің Instagram-дағы парақшасында: «Келесі жекпе-жекті Қазақстанда Рамазанға дейін өткіземін!», деп жазды.
Айта кетейік, биыл қасиетті Рамазан айы 14 сәуірде басталады.
Қуат Хамитовтың соңғы жекпе-жегі қаңтар айында Магнитогорск қаласында (Ресей) өтті. Онда ол 50 секунд ішінде ресейлік Максим Пантелеевті нокаутқа түсірген еді.
Сондай-ақ өткен айдың соңында Хамитов Алмалы аудандық соты дезинфекторларға қатысты зорлық-зомбылыққа шақырғаны үшін оның алты айға бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарған. Сондықтан Хамитовке осы уақыт аралығында елден кетуге тыйым салынды.
14 ақпан 2021 ж. 385 0