Қанат Ислам Канело Альваресті жекпе-жекке шақырды
36 жастағы қазақстандық орта салмақтағы боксшы Қанат Ислам WBC және WBA супер орта салмақтағы чемпионы Сауль Канело Альваресті жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қанат Ислам "Палачь" деген лақап аты бар атақты Джейсон Минданы жеңді.
"Мен бұл жекпе-жектің алдында ұзақ уақыт жаттықтым. Қазір отбасыма оралдым, қатарластарыма қосылдым. Бұл жақсы қарсыласпен өткен жақсы жекпе-жек болды. Бұл жігітке рахмет айтқым келеді. Мен бәріне дайынмын. Мен Қытайда тудым және Қазақстанда тұрамын. Мен - түрікпін, мұсылманмын, қаншама жанкүйерім бар. Канело менімен жекпе-жекке шығуы керек! Рамазан жақындап қалды. Рамазаннан кейін тағы да ораламын", - деді Қанат Ислам.
Қанат Ислам келесі жекпе-жегін кіммен өткізгісі келетінін айтты.
"Мен келесі жекпе-жекке Канеломен шыққым келеді. Канело, vamos! Шаршалаңға шық" - деп қосты Қанат Ислам.