Аралдық спортшы жеңімпаз атанды
Ағымдағы жылдың 27 ақпаны мен 2 наурыз күндері аралығында Алматы облысы, Талдықорған қаласында 14-15, 16-17, 18-21 жас аралығында жасөспірімдер мен жастар арасындағы қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өткізілді.
Аталған жарыста 70 кг салмақ дәрежесі бойынша аралдық спортшы, N19 ОРМЖБ мектебінің әмбебап жекпе-жек бөлімшесінің оқушысы Совет Сырым жеңімпаз атанды.
Жаттықтырушысы - Сауытбаев Фараби N19 ОРМБЖ мектебі