Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық таеквондошылар Қазақстан чемпионатында 6 медаль иеленді

Қызылордалық таеквондошылар Қазақстан чемпионатында 6 медаль иеленді

Талдықорғанда таеквондодан ересектер арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында Қызылорда облысының құрамасы 6 жүлдені қоржынға салды.
Дүбірлі бәсекеде облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі мен Ж.Баһадүр атындағы олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің спортшылары табысты өнер көрсетіп, 2 алтын, 2 күміс, 2 қола медальдарға ие болды.

Әйелдер арасында сынға түскен Ботагөз Қапанова (49 келі) мен Жания Әмірхан (53 келі) ел чемпионатында алтын жүлделерді иеленді.
53 келіде Перизат Жұбанова күміс, 62 келіде Айым Тоғыман қола жүлделерді еншіледі.

Ерлер арасында 87 келіден жоғары салмақта шеберлік байқасқан Жандос Орынбек екінші, Бағдат Абдрахман үшінші орындардан көрінді.

Спортшылардың жетістіктерге жетуіне өзіндік үлесін қосқан тәжірибелі бапкерлер, облыстың аға жаттықтырушысы Николай Курноскин мен жаттықтырушы Рашид Сандықбаевтың еңбектерінің зор екендігін айтуға болады.



11 наурыз 2021 ж. 885 0