Спортшылар жеңіс тұғырынан көрінді
Ағымдағы жылдың 26-28 наурыз күндері аралығында Алматы қаласында түйіспелі қоян-қолтық ұрыстан өткен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшылары Исабаев Сұлтанбек 35 кг, Балтабай Бауыржан 40 кг, Кемалов Нұралы 55 кг, Серікбай Бақытжан +55 кг салмақ дәрежелерінде І орын, Сәдіров Ерасыл 40 кг салмақ дәрежесінде ІІ орын, иеленді.
Жаттықтырушысы – Сауытбаев Фараби.
Жеңістеріңіз құтты болсын!
"Толқын" ақпарат