Қызылордалық велошабандоздар 12 медаль жеңіп алды

Жарысқа Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 92 спортшы қатысты.
Нәтижесінде қызылордалық велошабандоздар 12 медаль жеңіп алды. Оның 4-уі алтын, 5-уі күміс, 3-уі қола медаль.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер диплом және естелік сыйлықтармен марапатталды.
ВЕЛОЖАРЫС НӘТИЖЕСІ:
Топтық жарыс, 30 шақырым, қыздар:
Аружан Тоқбаева – Қызылорда
Жібек Болатбекқызы – Қызылорда
Аружан Рахымжан – Қызылорда
Топтық жарыс, 50 шақырым, ұлдар:
Вадим Белугин – БҚО
Аслан Силықбек – Қызылорда
Даниил Безьянов – БҚО
Топтық жарыс, 20 шақырым, қыздар:
Аружан Тоқбаева – Қызылорда
Аружан Рахымжан – Қызылорда
Бибінұр Бектаева – Қызылорда
Топтық жарыс, 60 шақырым, ұлдар:
Вадим Белугин – БҚО
Ердаулет Егізбай – Қызылорда
Жалғас Әбубәкір – БҚО
Критериум, 8 айналым, қыздар:
Аружан Тоқбаева – Қызылорда
Аружан Рахымжан – Қызылорда
Бибінұр Бектаева – Қызылорда
Критериум, 16 айналым, ұлдар:
Аслан Силықбек – Қызылорда
Даниил Зинкевич – СҚО
Егор Логачев – СҚО