Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Данияр Елеусінов әлемнің үздік боксшысы атанды

Данияр Елеусінов әлемнің үздік боксшысы атанды

Америкалық боксшы Айкем Шемур қазақстандық былғары қолғап шебері Данияр Елеусіновтің өнерін жоғары бағалады, деп хабарлайды Egemen.kz  prosports.kz-ке сілтеме жасап.

«Дәл қазіргі сәтте әлемнің үздік боксшысы деп Данияр Елеусіновті айтар едім. Ол Олимпиада чемпионы, болашақта одан да мықты деңгейге көтеріледі. Даниярды спаррингте көрдім. Мықты жұдырықтасады. Олимпиада чемпионының жасаған еңбегін көріп, әрі қарай жұмыс істеуге мотивация алдым», деді Айкем Шемур.
Айта кетейік, Данияр Елеусінов соңғы жекпе-жегінде намибиялық Джулиус Индонгоны жеңді.
15 маусым 2021 ж. 352 0