Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Данияр Елеусінов IBF рейтингіне енді

Данияр Елеусінов IBF рейтингіне енді

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) әртүрлі салмақ категориясындағы үздік боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады. Бұл туралы Sports.kz сайты хабарлады.

Жартылай орта салмақта IBF рейтингіне қазақстандық былғары қолғап шебері Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) енді. 
Айта кетсек, биылғы қараша айының соңында Данияр Елеусінов екінші раундта Джулиусо Индонгоны (23-3, 12 КО) техникалық нокаутпен жеңіп, IBF Inter-Continental чемпионы вакантты белбеуінің иегері атанды. 
Осыдан кейін ол рейтингіде 9-орынды иеленді. 
Бұл Данияр Елеусіновтің кәсіби мансабындағы алғашқы титулдық жекпе-жегі болатын. Бұған дейін қазақстандық боксшының промоутері Эдди Хирн Даниярды шаршы алаңда америкалық нокаутер Вирджил Ортиске (16-0, 16 КО) қарсы көргісі келетінін айтты.
03 желтоқсан 2020 ж. 381 0