Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қайраттың» бас бапкері отставкаға кетті

«Қайраттың» бас бапкері отставкаға кетті

Еуропа лигасының 3-іріктеу кезеңінің қарымта кездесуінде армениялық «Алашкерттен» ұтылған соң, Қайрат клубының бас бапкері Кирилл Кекер отставкаға кететінін мәлімдеді. 

Өкінішке қарай, біз өзіміз ойлаған нәтижеге қол жеткізе алмадық. Осыған байланысты мен бас жаттықтырушы қызметінен кету туралы  шешім қабылдадым. Клубқа сенімі үшін және негізгі құраманың бас бапкері ретінде жұмыс істеу үшін мүмкіндік бергеніне алғыс айтамын, - деді Кирилл Кекер.
Келесі кубок матчына «Каспийге» қарсы команданы Артем Гавриленко жаттықтырады.Айта кетейік, 12 тамызда Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі матчта «Қайрат» армениялық «Алашкерттен» 3: 2 есебімен ұтылды. Матч барысында қайраттың екі ойыншысы алаңнан қуылды.
Еске сала кетейік, Кирилл Кекер маусым айында алматылық команданың тізгінін ұстады. Өз еркімен жұмысынан кеткен Алексей Шпилевскийдің орнын басты. Басында бас бапкердің міндетін атқарса, кейін толықтай команданы өз қолына алды. Алайда бір айға жетпей отставкаға кетті.

baq.kz
13 тамыз 2021 ж. 970 0