Головкин мен Канелоның үшінші жекпе-жегінің уақыты белгілі болды
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (56-1-2, 38 КО) 2022 жылы жұдырықтасуы мүмкін. Бұл туралы Prosports.kz хабарлады.
Головкиннің промоутері Том Леффлердің мәлімдеуінше , қазақстандық боксшы рингке биыл желтоқсан айында оралады. Бірақ қарсыласы әлі ресми хабарланбады. GGG жапон Риота Муратамен (16-2, 13 КО) күш сынасуы мүмкін.
Сондай-ақ, Леффлердің сөзінше, Головкин мен Альварес арасындағы трилогия 2022 жылы өтуі мүмкін.
Айта кетейік, Головкин соңғы жекпе-жегін былтыр желтоқсанда өткізіп, поляк Камил Шереметаны жетінші раундта нокаутпен жеңген болатын.
baq.kz