Жамиля Бақбергенова Әлем чемпионатының финалына шықты

Әйелдер күресінен Жамиля Бақбергенова 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалда Бусе Турсынды (Түркия) жеңді. Екеуара кездесу 13:2 есебімен отандасымыздың еншісіне шешілді.
Қазақстандық балуан финалда Масако Фуруичимен кездеседі.
Айта кетерлігі, қос қарсылас 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен әлем чемпионатының жұбаныш финалында кездескен.
Әлем чемпионатының финалы 7 қазан күні елорда уақытымен сағат 22:00-де басталады.