Ел чемпионатында Ғабиден Ұрынбаев жеңіске жетті

Дүбірлі додада өңіріміздің намысын қорғап, жеңіс тұғырынан көрінгендер сапында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері бар. Атап айтсақ, +18 жас салмақ дәрежесінде ката бағдарламасында Ғабиден Ұрынбаев ІІІ орын иеленсе, жалпы командалық катада жүлделі І орын алды.
«Елімізде каратэ спорты қарқынды дамып келеді. Оның дәлелі жоғары деңгейдегі жарыстардың ұйымдастырылуы. Каратэмен 7 жасымнан бастап айналысамын. Өзіме қатты ұнайды. Спортқа келу арқылы шыдамдылыққа, кез келген жағдайда ұстамды болуға үйрендім. Қазіргі таңда дене шынықтыру пәні мұғалімі мамандығының 1 курс студентімін. Университет тарапынан қолдау көрсетіліп, оқу ақысына 50 пайыздық жеңілдік берілді. Осы ретте, оқу орнының басшыларына алғысымды білдіремін»,-деді Ғабиден Ұрынбаев.
kyzylorda-news.kz