Әлем чемпионаты елордада өтеді

Аталған жарыс шахмат күнтізбесіндегі жанкүйерлер мен спортшылардың асыға күтетін маңызды оқиғалардың бірі саналады. Биылғы біріншілікке әлемнің 50 елінен 200-ден астам шахмат шебері қатысады деп күтілуде. Атап айтқанда, олардың қатарында қазіргі әлем чемпиондары мен вице-чемпиондары, FIDE (Халықаралық шахмат федерациясы) нұсқасы бойынша рейтингте ең жоғары тұрған жаһанның үздік шахматшылары да бар.
Сондай-ақ жарыс өз елімізде өтетін болған соң, Халықаралық шахмат федерациясы тарапынан Қазақстанға қосымша 30 ойыншыны қатыстыруға мүмкіндік берілді.
egemen.kz