Мектеп ұланы – Қазақстан чемпионы

Шахмат ойыны – балаларға тек қуаныш сыйлайтын ойые ғана емес, ойлауды дамытудың тиімді құралы.Сондықтан шахмат арқылы адам баласының дүниетанымы кеңейіп, сөздік қоры, ойлау қабілеті дамиды. Міне, осындай білім сауаттылығын арттыратын шахматтан Ақылжанның бауырлары да ел чемпиондары атанған. Олардың алды – №62 мектеп-лицейді «Алтын белгімен» тәмамдаған үздік түлек. Балаларының білім мен спортта жеткен жетістіктеріне қуанған ата-анасы, Бармағанбетовтер отбасының Жасұлан Айтжанов басшылық ететін мектеп-лицей ұжымына айтар алғыстары шексіз.
Әр өңірдің ең үздік шахматшылары қатысқан жасөспірімдердің зияткерлік сайысында аймақ абыройын асқақтатып, «Бұл жеңісім – ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына қосқан үлесім» деген жігерлі жасқа әлемдік бәсекелерде ел мерейін асырар ақ жол тілейміз.
К. МАХСҰТ