Альварес-Головкин жекпе-жегіне болжам жасалды

«Екі боксшының шеберлігі, деңгейі, соққысының жойқындығы теңдей деуге болады. Екеуінің физикалық әлеуеті тең болғанына қарамастан, Геннадий Головкиннің жасы келіп қалды. Оның үстіне қазақ боксшысы соңғы жылдары шаршы алаңға тым сирек шығып жүр. Ал Альварес нағыз бабына келді. Ол кез келген қарсыласын жеңе алатын әлеуетке ие. Сондықтан үшінші жекпе-жек өтсе Альварес ұпай санымен сенімді түрде жеңіске жетеді», деп жазды сайт қызметкері.