Головкин мен Канелоның үшінші жекпе-жегінің мерзімі аталды

Басылымның мәліметіне сүйенсек, Альварес Эдди Хирнмен жалпы соммасы 85 миллион долларға тең екі жекпе-жекке келісім жасаған.
Бірінші жекпе-жек жартылай ауыр салмақта WBA чемпионы Дмитрий Биволмен өтуі қажет. Ал 17 қыркүйекке жоспарланған екінші жекпе-жекте Геннадий Головкинмен жұдырықтасады. Алайда кездесудің өту Альварес пен Головкиннің алдағы жекпе-жектеріне байланысты. Бұл үшін қос боксшы қарсыластарын жеңуі керек.
"Дереккөз келтірген ақпаратқа сәйкес, мұндай келісім әзірге расталмаған, алайда келіссөз аяқталуға жақын", - дейді басылым.
Айта кетейік, бұған дейін Геннадий Головкин мен Рийота Мурата арасындағы кездесу ақпан немесе наурыз айында өтуі мүмкін екені хабарланған.