Бейжің-2022: Қазақстандық паралимпиадашылар жарысты 5 наурызда бастайды

Бейжіңде өтетін 2022 жылғы Қысқы паралимпиада ойындары ресми түрде 4 наурызда басталады. Аталған төртжылдық додада ел атынан Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Денис Петренко, Юрий Березин және Сергей Усольцев спорттың екі түрінен сынға түседі.
Ел спортшылары алғашқы жарыстарын 5 наурыз күні бастайды. Нақтырақ айтсақ, 5 наурызда парабиатлоннан Сергей Усольцев пен Александр Герлиц бірінші болып жарыс алаңына шығады. Сонымен қатар, парашаңғы жарысынан Ербол Хамитов пен Денис Петренко жарыстарын жалғастырады.
Айта кетейік, Бейжің-2022 паралимпиадасында көк туды шаңғы спорты түрінен әлем кубогінің қола жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ербол Хамитов ұстап шығады.
Паралимпиада ойындары 4 наурызда басталып, 13 наурызда мәресіне жетеді.
kyzylorda-news.kz