Республикалық турнир бастау алды

Турнирдің ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Б. Жұмағұлов спортшының жетістіктеріне тоқталып, жарысқа қатысушы жас балуандарға сәттілік тіледі.
Жастайынан спортқа бейім болған Дәри Құттымұратов он бес жасынан бастап акробатикаға ден қойған. Он сегіз жасында республикалық жарыстың чемпионы болды. Студент кезінің өзінде 8 дүркін республика чемпионы атанған.
Жарысқа Ақтөбе облысы және Қызылорда облысы мен аудандарынан арнайы келген 154-ке жуық жасөспірімнен құралған 9 команда 12 салмақ дәрежесі бойынша боз кілемде бақтарын сынауда.


