Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Амангелді Сейітханды еске алуға арналған турнирде қызылордалық команда бақ сынайды

Амангелді Сейітханды еске алуға арналған турнирде қызылордалық команда бақ сынайды

Ертең Алматыда шағын футболдан БАҚ өкілдері арасында қазақ телевизиясының майталманы, комментатор Амангелді Сейітханды еске алуға арналған республикалық турнир өтеді. Еліміздің 8 өңірінен барлығы 16 команда қатысады. Турнирге Сыр өңірінен «Ақмешіт» командасы қатысады.
Саналы ғұмырын журналистикаға арнап, халықтың мұң-мұқтажын қаламмен тербей білген Аман ағамыз былтыр 52 жасында мәңгілік мекенге аттанып кетті. Алайда, футболды өзімен егіз қойған ағамыз өмірінің соңына дейін спортпен айналысты.
Амангелді Сейітхан атындағы алғашқы турнир оның отбасының ұйымдастыруымен өтеді. Турнир аясында Амангелді Сейітханның құрметіне шығарылған «Жеңісті күндерде жолыққанша» кітабының тұсауы кесіледі.
Айта кетейік, жарысқа Aikyn-Liter (Астана қаласы), Dream-team Сейітхан (Алматы қаласы), Effective media Liaison (Алматы қаласы), Абай-ақпарат (Абай облысы), Айтыскерлер құрамасы (Қазақстан Республикасы), Ақмешіт (Қызылорда облысы), Атырау құрамасы (Атырау облысы), КТК (Алматы қаласы), Қазақстан ТВ-Қазақ радиосы (Алматы қаласы), Қарекет (Жетісу облысы), Спорт журналистері (Қазақстан Республикасы), Тұран-Түркістан (Түркістан облысы), Түркістан телеарнасы (Түркістан облысы), Шымкент (Шымкент қаласы), Хабар (Астана қаласы), Экспресс-К (Астана қаласы) командалары қатысады.

kyzylorda-news.kz
20 мамыр 2022 ж. 1 094 0