Жәнібектің жарқын жеңісі

Әлем назарын аударған айтулы кеште қайсар рухты халықтың тектілігін тағы бір мәрте дәлелдей түскен батыр ұлдың тіл мәселесіне келгенде төрелік танытып, ана тілінде сөйлеуі сүйсіндірді бізді. Әйтпесе шет ел көрсе туған тілін ұмытып, басқаның тілінде бөсіп тұратындар баршылық қой. Біз осы тіл мәселесінде Жәнібектей ұлдарды көпке үлгі етуіміз керек.
Отандасымыздың әлем чемпионы деген атқа уақытша ие болуына себеп те жоқ емес. Себебі орта салмақта WBO әлем чемпионы титулы америкалық Деметриус Андрадеде (31-0, 19 КО) тиесілі. Ал оны ұйым Әлімханұлымен жұдырықтасуға міндеттеген. Егер америкалық жекпе-жектен бас тартса, Әлімханұлы титулды жекпе-жексіз жеңіп ала алады. Сол сәттен бастап жалпақ дүние назарына Жәнібек деген есім ілігетін болады. Ол үшін отандасымызға әлі еңбектеніп, түрлі титулдар бойынша табысты өнер көрсету ләзім. Бұл мәселеде Ж.Әлмұханұлы еліміздің атын шығарып жүрген тағы бір боксшымыз Геннадий Головкинмен жұдырықтаса ма деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа жауап та дайын.
Негізі, қазақтың салт-дәстүрі бойынша үлкендерді кішілер жекпе-жекке шақырмайды. Сондықтан ол кісіні сыйлаймыз. Ол болашақта 168-ге ауысады деп ойлаймын. Мен ол боксшымен жұдырықтаспаймын,– деді Жәнібек.
А. ҚАРАСАЙ