Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қайсар» футбол клубын уақытша Садық Мұстафаев басқарады

«Қайсар» футбол клубын уақытша Садық Мұстафаев басқарады

Қызылорда облысы әкімінің міндетін атқарушы М.Жайымбетовтың №572 қаулысына сәйкес «Қайсар» Қызылорда облыстық футбол клубы» ЖШС директоры міндетін уақытша атқаруға белгілі спорт маманы және жанашыры Садық Шоңмұрынұлы Мұстафаев тағайындалды.

Жаңа директорды таныстыру мақсатында облыстық мәдениет және спорт басқармасының басшысы Руслан Рүстемов келді. Ол футбол клубының алдында тұрған зор міндетті сабақтап, жаңа басшыға артылар аманат ауқымды екенін жеткізді. Сөйтіп, Садық Мұстафаевқа сәттілік тіледі.

Өз кезегінде Садық Шоңмұрынұлы: «Қайсардың» бұл маусымда бірінші лигадан Премьер-лигаға шығуына барынша атсалысатынын, клубтың қаражат мәселесін шешуге мүмкіндік қарастыратынын айтып, команда жауапкершілігі ортақ екенін білдірді.

Клуб ұжымы келелі мақсатты алға оздыруға айрықша атсалысатын жаңа директордың қызметіне сәттілік тіледі.

kyzylorda-news.kz
17 маусым 2022 ж. 1 230 0